Бұл қаржылық пирамидаға 2 мыңнан астам адамның қатысы бар
Оралда қаржылық пирамида арқылы 68,5 млн астам теңге жымқырған әйелдің ісі сотқа берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.
«Лидер» және «Алтын тұмар» қаржылық пирамидасын құрған әйелге қатысты тергеу амалдары аяқталды. Алаяқ әйел азаматтарға тез арада байитынына және ақшаны кейін екі есе төлейтініне уәде беріп, олардың 68 567 056 теңгесін жинап алған», - деп жазылған хабарламада.
Бұл қаржылық пирамидаға 2 мыңнан астам адамның қатысы бары анықталды.