13.10.2020, 23:28
Жаңалықтар
Ақтауда итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды
Қылмыс құрамының болмауына орай сотқа дейін жүргізілген іс жабылды
Фото: видеокадр
Маңғыстаулық полицейлер итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Итбалықты таяқпен ұрғандарға қатысты қозғалған тергеу ҚР қылмыстық-процессуалдық Кодекстің 35-бабының 1-бөліміне сәйкес тоқтатылды. Теңіз жануарына жәбір көрсеткендер келтірген дәйек есепке алынып, қылмыс құрамының болмауына орай сотқа дейін жүргізілген іс жабылды», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен шілде айында Құрық елді мекенінде жағалауға жақын жүзген итбалыққа бірнеше адам тас лақтырып, таяқпен сабап тастаған еді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
