«Әбу-Даби Плаза» құрылысы 2021 жылы аяқталады
Arabtec Holding құрылыс компаниясының банкроттығы жоба құрылысына әсер етпейді
Елордадағы «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені құрылысы 2021 жылы аяқталады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Әділет министрі Марат Бекетаевтың БАӘ-ге жұмыс сапарымен барып, үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор Фахад әл-Махмудпен, жобаларды басқару жөніндегі бас директор Ибрагим әл-Магрибимен, жоба директоры және «Aldar Properties» компаниясының бақылау жөніндегі директорымен кездесуінде айтылды.
«Құрылыс компаниясы Arabtec Holding жобасының бас мердігерінің күрделі қаржылық жағдайы «Әбу-Даби Плаза» құрылысының аяқталуына әсер етпейтінін атап өтті. Кездесуде араб компаниясы өкілдері сендіргендей, COVID-19 карантин шараларына байланысты нысанды 2021 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Айтпақшы, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақүй кешені сияқты көпфункционалды кешеннің бірқатар нысаны 2019 жылдың желтоқсанында және 2020 жылдың наурызында ашылды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында.
Сонымен қатар сапар барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов шетелдік инвесторлармен кездесті. Тараптар жеке инвестициялар есебінен Нұр-Сұлтанда білім, медицина, туризм және т.б. саладағы бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруға келісті. Бұл қала экономикасына жеке инвестиция тартып, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.