$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2020, 16:35
Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» автобан бойындағы көпірден ақау шыққаны үшін кешірім сұрады

Нұр-Сұлтан – Щучинск автомобиль жолының 75 шақырымындағы жолайрықтан ақау шықты

«ҚазАвтоЖол» автобан бойындағы көпірден ақау шыққаны үшін кешірім сұрады
Скриншот: YouTube

Бүгін Azattyq Rýhy редакциясына Ақмола облысында апатты жағдайда тұрған көпірдің видеосын жолдады. Олардың айтуынша, Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылының тұсындағы А-1 автомобиль жолындағы көпірдің темірбетон конструкциялары ажыраған. Куәгерлер жолдаған видеодан ауыр жүк көліктері өткенде көпірдің «тербетіліп» тұрған сәтін анық байқауға болады.

Осы жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі пікір білдіріп, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Щучинск автомобиль жолының 75 шақырымында, Ақмола облысы Шортанды ауданы тұсындағы жолайрықтан ақау шыққанын мәлімдеді.

Ақау шыққан көпірге байланысты «ҚазАвтоЖол» АҚ Шортанды ауданы әкімдігі және аудандық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен, «Қазжол ҒЗИ» АҚ мамандарымен бірлесіп комиссиялық тексеру жүргізген.

Комиссияның шешімімен ақау шыққан жолөткел айрығында барлық транспорт түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылған.

«Жолаушылар енді жақын маңда орналасқан Мықтыкөл және Дамса ауылдарының қиылысындағы жолмен айналып өте алады. Өткелдегі ақау мейлінше тез арада қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары