$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2020, 09:47
Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 85 науқастың халі нашар

 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Коронавирустан емделіп жатқан 85 науқастың халі нашар
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 927 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 77 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 103 науқас жатыр. 824  адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 85 адамның халі нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді. Бір тәулік ішінде 10 адам жазылып шыққан. 2 адам аталған індеттен қайтыс болды.  

Осы жылдың 1 тамызынан бастап 34 913 адам пневмониямен ауырған. Оның 27 709-ы емделіп шықса, 370 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары