Қостанайда облыстық тубдиспансер басшысы парамен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 236 мың теңге пара алған

Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда облыстық тубдиспансер басшысы бухгалтері арқылы кәсіпкерден 236 мың теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сот үкіміне сәйкес пара берген кәсіпкер 4 млн 720 мың теңге, ал оны алған бас дәрігер 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Ал, ортадағы есепші 2 млн 360 мың теңгелік айыппұлмен құтылды. Дегенмен, тубдиспансер басшысы айыбын мойындамай отыр.

«Сотта бас дәрігердің ұсынысымен бас есепші және ЖШС өкілі тендерде медициналық бұйымдарды және қорғау құралдарын сатып алуға көмектесуге 236 мың теңге пара беру үшін келіскендері анықталды»,  - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Еділова.