Қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласына 2 мың тоннаға жуық сұйытылған газ жеткізілген жоқ
Елорданың кейбір газ құю стансаларында көгілдір отын тапшылығына байланысты шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
«Қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласына «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ зауытынан 1 947 тонна сұйытылған газ жеткізілген жоқ. Осыған орай, қалада сұйытылған газ тапшылығы байқалады. Әлеуметтік қажеттілік үшін оның тапшылығына жол бермеу мақсатында (көппәтерлі үйлерді көгілдір отынмен қамту және жеке тұрғын үйлерді жылытуда кедергілер болмауы үшін) автомобильге газ құятын стансаларда шектеу енгізілді», - деп жазылған хабарламада.
Қала әкімшілігі автомобильдер сұйытылған газдың орнынан бензин қолдана алатынын атап өткен. Шектеуді толық алып тастау осы жылдың 15 қазанына жоспарланған.