Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылды
Шектеу шаралары 12 қазанда күшіне енді
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2020 жылғы 12 қазанда өңірде карантин шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қаулыға сәйкес, Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19 - дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылады.
Сонымен қатар бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті.
Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылған.