$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2019, 18:15
Жаңалықтар

2020 жылдан бастап қазақстандықтар елдегі автожолдардың жағдайын қосымша арқылы бақылайды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұлымдық даму министрлігі хабарлайды

2020 жылдан бастап қазақстандықтар елдегі автожолдардың жағдайын қосымша арқылы бақылайды
Фото: ашық дереккөзден

Мобильді қосымшаға тек жолдың жай-күйі туралы мәлімет қана емес, қызмет көрсететін нысандар, аялдамалар мен мердігер компаниялар туралы ақпарат та енгізіледі. Жаңа жоба 2020 жылдың мамырында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал пайдаланушылар оны 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолдана алады. «Жол активтерін басқару жүйесі» қосымшасын Android және iOS платформасынан тегін жүктеп алуға болады.

«Жоғарыда аталған мәліметтердің барлығын Автомобиль жолдары комитеті Ұлттық жол активтері сапасы орталығы жинайды. Бірінші кезекте, ұзындығы 24 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жөніндегі ақпарат қолжетімді болмақ. Бұдан кейін жергілікті жолдардың жағдайына қатысты мәліметтер енгізіледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары