Қазақстанда соңғы тоғыз айда 228 адам өрттен қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 217 адам түрлі жарақат алған

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы тоғыз айда қызыл жалын кесірінен 228 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Соңғы тоғыз айда ел бойынша тоғыз мыңнан астам өрт жағдайы орын алды. Салдарынан 217 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, өкінішке қарай, 228 адам өрттен қаза тапты. Жалпы, өрт оқиғалары 10,5%-ға азайды. Тұрғын үй секторында 12%, көлік саласында 19%, бақылаудағы объектілерде 8%-ға азайды»,- деді министр. 

Айта кетерлігі, өрт сөндіру үшін республика бойынша тәулігіне 100-150 шағым келіп түседі.