Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі
Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді
Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың «Қоғамдық коммуникация орталығына» сілтемме жасап.
13 қазан 00:00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді.
Жаңа талаптар бойынша тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21:00-ге дейін қысқарады.
«Яғни, қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі», - делінген хабарламада.