12 қазан күнгі ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні бірнеше облыста үсік жүреді
12 қазані Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстігі, орталығын және шығысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шығысында тұман, жолдарында көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Түнде кей жерлерінде тұман, жолдарында көктайғақ болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.