Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады
Оларда ПТР-анықтама болуы керек
Ресей Үкіметінің шешімімен Қазақстан азаматтарының бәріне, соның ішінде ішкі және орта оқу орындарында оқып жүргендерге Ресейге ұшақпен ғана кіруге рұқсат беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігіне сілтеме жасап.
Құрлықтық шекара арқылы бұрынғы шектеулер, атап айтқанда Ресейге осы жолмен кіруге әлі де тыйым салынады. Ұшып келген студент көші-қон картасында өздігімен келу мақсатын «Оқу» деп көрсетуі керек. Осының негізінде оқу орны келу кезеңіне байланысты тіркеу құжатын жасайды.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Ресейге үшінші ел арқылы кіруге тек тұруға ықтиярхаты бар азаматтар кіре алатынын хабарлайды.
«Екі ел арасындағы әуе рейстерін Air Astana мен Аэрофлот компаниялары жасайды. Әуе билеттерінің бағасы мен ұшақтардың ұшу тәртібін әуе компанияларының сайтынан білуге болады. Ресейге келетін азаматтарда короноавирус бойынша ПТР-анықтама болуы (72 сағатқа жарамды) керек», - делінген хабарламада.