Ол итті айырмен шаншып өлтірген
Атырауда сот көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап.
«Сот оны ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі («Жас балалардың көз алдында жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездік жасау») бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады», - деп жазылған хабарламада.