Астанада карантинге қарамастан клиенттерге кальян ұсынған лаундж-бар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл орынның әкімшісі бұдан бұрын да заңды бұзған

Фото: баспасөз қызметінен

Елорданың полиция қызметкерлері карантин талаптарын бұзған көңіл көтеретін орындардың бірінің әкімшісін жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 21.00-де «Учаске» жедел-іздестіру шаралары барысында «Алматы» ауданының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері Сәтпаев көшесіндегі «Шишка» атты көңіл көтеретін орында Әкімшілік кодекстің 441-бабы бойынша заңның бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, бұл орынның әкімшісі клиенттерге кальян қоспасын берген», - деп жазылған ақпаратта.

Бұл орынның әкімшісінің бұдан бұрын да клиенттерге кальян беріп, ұсталған, яғни, Әкімшілік кодекстің 441-бабы бойынша әкімшілік жауапқа бірнеше рет тартылған. Бірнеше рет заң бұзған оған 25 АЕК айыппұл салынды.