Оған жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевтың, сонымен қатар Қанат Сағымбаевтың, Дамир Мусакеевтің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Оларға Бішкектегі жаппай наразылықты ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.
«Қазіргі таңда жедел тергеу тобы бұл қылмысты ұйымдастырған басқа да адамдарды ұстауға бағытталған жұмыстар атқарып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, сотталған еді. Ал 6 қазан күні оны митингке шыққандар босатып алды.