Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жақында Сенат депутаты плагиат дауына іліккен вице-министрдің отставкаға кетуін талап еткен еді

Фото: ашық дереккөзден

Фатима Жақыпов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ҚР БҒМ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова Фатима Жақыпованы плагиатпен айналысқан деп айыптаған еді. Яғни, оның диссертациялық жұмысының 60 пайызы біреуден көшіріп алынған деді департамент директоры. Жақыпованың өзі болса мұны қып-қызыл жала дегенімен, Ресейдің антиплагиаттық компаниясы ғылыми жұмыстың расымен де көшірме екенін дәлелдеп берді.

Ал, сенатор Еділ Мамытбеков Үкімет басшысы Асқар Маминнен білім саласын мұндай шенділерден тазартуды талап етті.