$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 12:44
Жаңалықтар

БҚО-ның екі ауданына «Әскери даңқ ауданы» мәртебесін беру ұсынылды

Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары Сталинград шайқасы кезінде бомбалаудың қасіретін көрген

БҚО-ның екі ауданына «Әскери даңқ ауданы» мәртебесін беру ұсынылды
Шавхат Өтемісов, фото: parlam.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Шавхат Өтемісов Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының Сталинград шайқасындағы жеңіске қосқан үлесі зор екенін айтып, аталған аудандарға «Әскери даңқ ауданы» мәртебесін беруді ұсынды.

«Тарих ғылымдарының кандидаты П. Р. Букаткиннің айтуынша, тек 1942 жылдың қазан-қараша айларында неміс-фашистік авиациясы Сайқын және Шунгай станцияларында 22 топтық және 12 жеке рейд жасады, оған 138 жау ұшақтары қатысты. Мұндай рейдтер тұрақты болды. Мыңдаған адам, соның ішінде жергілікті тұрғындар да, Сталинградтан эвакуацияланған адамдар да қайтыс болды. Бұл туралы Жәнібек пен Сайқын поселкесінде қаза тапқандарға арналған бауырлас зират пен ескерткіштер дәлел», - деді депутат.

КСРО Қорғаныс Халық комиссары Иосиф Сталиннің 1941 жылғы 26 қарашадағы №0444 бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Орда, Казталов, Фурманов аудандарының аумақтары Сталинград әскери округінің құрамына енгізілді.

Серіктес жаңалықтары