Қарағандыда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға кезінде автобус салонында 15 жолаушы мен 2 жүргізуші болған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалдайтын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам зардап шекті, оның 5-і тәжікстандықтар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 11 қараша сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылы маңында болған. «Van Hool» автобусының 38 жастағы жүргізушісі Алматы қаласына қарай келе жатып, 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Volvo» жүк көлігіне соғылған.

«Апат салдарынан 8 адам ауруханаға, оның ішінде 4 адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шегушінің біреуі өте ауыр халде», - деді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға кезінде автобус салонында 15 жолаушы мен 2 жүргізуші болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша апат көктайғақ салдарынан болған. Көлік оқиғасына қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде соңғы процессуалдық шешім қабылданады», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.