Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға қойылатын талап күшейтіледі
Ведомствоаралық комиссия 5 қазаннан бастап әуе қатынасы қайта жанданған елдерге қатысты қатынасты тоқтату және рейс санын көбейтпеу, Түркияға ұшатын рейс санын азайту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Ведомствоаралық комиссия биыл 5 қазаннан бастап әуе қатынасы жаңартылған барлық елдерге әуе қатынасын тоқтату және рейс санын көбейтпеу, Түркияға ұшатын рейс санын азайту туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін келесі талаптар қойылады. Айталық, термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген (3 тәуліктен аспайтын) анықтама міндеттеледі. Анықтама болмаған жағдайда шетелден келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады», - деді министр.
Еске сала кетейік, туристік «Қамқор жүйесі» қорының директоры Асылхан Есіловтің Azattyq Rýhy тілшісіне соңғы бір айда турист ретінде Түркияға барған қазақстандықтардың саны 11 мыңнан асқанын айтты.