Коронавирустың екінші толқынында үй жағдайында емделетін 1 млн науқасқа тегін дәрі-дәрмек беріледі

Барлық өңірлерде жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайтын тұрақтандыру қорлары құрылды

Коронавирустың екінші толқынында үй жағдайында емделетін 1 млн науқасқа тегін дәрі-дәрмек беріледі
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустың екінші толқынында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі алдын ала қолға алынды. Қазірдің өзінде құны 11,4 млрд теңгені құрайтын екі айлық қосымша препараттар қоры жинаулы тұр. Олардың барлығы өңірлерге таратылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Коронавирустың таралмауын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шаралар қолға алынбақ. Індеттің жаңа толқыны басталған сәтте Денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша 70 мың төсек-орын дайындайтын болады. Олардың 50 мыңы стационарлардағы ковидтік орындар.

Барлық өңірлерде жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайтын тұрақтандыру қорлары құрылды. Олар үлкен сұранысқа ие препараттарға жұмсалмақ. Коронавирустан үй жағдайында  емделетін 1 млн науқасқа тегін дәрі-дәрмек қарастырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.