30.09.2020, 10:31
Жаңалықтар
Заңсыз дәрі-дәрмек сатқан 349 медицина қызметкері жазаға тартылды
Тағы 256 адам заңсыз сауда жасағаны үшін полицияға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Дәрі-дәрмек өнімін заңсыз сатудың 993 фактісі анықталды. Заңбұзушылықпен айналысқан 605 жан полицияға жеткізілді. Оның 349-ы медицина қызметкерлері. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
«Дәрі-дәрмек өнімін заңсыз сатудың 993 фактісі анықталды. Жалпы, заңсыз сатылымға 98 мың дәрі-дәрмек орамы, жарты миллионға жуық маска, 41 800 медициналық қолғап және басқа медициналық құралдар, 705 литр антисептик тәркіленді. Заңбұзушылықпен айналысқан 605 жан полицияға жеткізілді. Оның 349-ы медицина қызметкерлері», - деді министр.
Бұған дейін Ішкі істер министрі Қазақстанда карантин талаптарын бұзғандар бойынша мәлімет берген болатын.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді