Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесіне көшеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді

Фото: ашық дереккөзден

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесіне көшеді. Бұл туралы университет ректоры Ерлан Сыдықов 2019-2020 оқу жылындағы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазір жаңа жарғы бекітіліп, Директорлар кеңесі құрылуда. ЕҰУ КеАҚ ретінде жаңа мүмкіндіктері ашылады. Мысалы, инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде отандық және шетелдік ұйымдардан қаржылық ресурстар тарту перспективалары жанданады. Сондай-ақ КеАҚ эндаументтер мен венчурлік қорлар құруға мүмкіндік береді. Шетелде филиал ашу құқығы да бар», – деді ректор.