Көпфункционалды мәдени нысан түрлі іс-шара өткізуге арналған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында жаңадан салынған концерт, театрландырылған қойылым, байқау, ғылыми конференция және басқа да іс-шараларға арналған көпфункционалды мәдени нысанды аралады.
Жаңа ғимаратта бір мың орындық көрермен залы, төрт дайындық бөлмесі, әкімшілік кеңселер және балаларға арналған ойын бөлмесі орналасқан.
Сонымен қатар ғимаратты аралап көру кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі көрсетілді.