Нұр-Сұлтан мен Алматы жолдарында қызыл белгі пайда болды

Бұл түс жол қозғалысы ережелерін бұзбауға көмектеседі

Нұр-Сұлтан мен Алматы жолдарында қызыл белгі пайда болды

Нұр-Сұлтан мен Алматы жолдарында қызыл белгі пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі астана ПД баспасөз қызметі мен Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан полиция департаменті пилоттық жоба аясында Мәңгілік Ел даңғылындағы М1 жолайрығында қызыл түсті белгі қолданды. Таңбаның қызыл болғаны көлік қозғалысын нақты үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл түс осы учаскедегі жүргізушілердің назарын шоғырландыруға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға көмектеседі», - деп жазылған хабарламада.

Полиция хабарлауынша, бұл көшеде тек 2019 жылы 50-ден аса ұсақ жол-көлік оқиғасы болған. Қызыл түсті таңбалар енгізілгеннен кейін көлік апаттары тіркелген жоқ.

Алматыда да қауіпті жол учаскелерінде қызыл белгілер пайда болады.

Тізімдегі көлік апаты көп болатын қауіпті көшелерге қызыл таңба салу жоспарланған:

  • Құлжа тракті бойынша Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін (бөлу жолағы);
  • Әл-Фараби даңғылы - Луганский көшесі, бұрылу жолағы, көлік ағындарының тоғысу аймағында;
  • Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылы мен Батыс Желтоқсан көшесінің арасында (солтүстік жағы);
  • Сейфуллин даңғылында Райымбек даңғылынан Тобояков көшесіне дейін;
  • Майлин-Бұқтырма;
  • Әл-Фараби даңғылы - Мұстафин көшесі, көлік жолайрығындағы съездер;
  • Әл-Фараби даңғылында Шашкин және Марков көшелерінің қиылысында.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.