$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2020, 05:50
Жаңалықтар

27 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

27 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

27 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында, Жамбыл, Түркістан, Манғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, оның жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары