Елордада вокзал маңындағы автотұрақта көлік нөмірін тану жүйесі іске қосылды

Жүйе ішке кірген-шыққан көліктердің мәліметтерін тіркеп отырады

Елордада вокзал маңындағы автотұрақта көлік нөмірін тану жүйесі іске қосылды
Фото: ашық дереккөзден

28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының алаңында жаңартылған тұрақ платформасы іске қосылады. Бұл жөнінде қалалық «City Transportation Systems» ЖШС мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Тұрақ платформасының маңызды жаңалықтарының бірі – көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірін тану. Яғни жүйе ішке кірген-шыққан көліктердің мәліметтерін тіркеп отырады. Сондықтан паркинг пайдаланушылары кіру картасын бір-бірімен алмастыра алмайды және автотұрақта тұрған уақытының ақысын төлемей кете алмайды», - деп жазылған компанияның Instagram парақшасында.

Тұрақтың төлемақысы өзгерген жоқ және төлемді енді алты тәсілмен жасауға болады. Nsparking.kz мобильді қосымшасы, www.nsparking.kz сайты, Qiwi және Kaspi.kz, сондай-ақ вокзалда орналасқан паркомат пен касса арқылы төлеуге болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.