2020 жылы ескі банкноттарды айырбастау тоқтатылады – Ұлттық банк

Автор: Azattyq Rýhy

Келесі жылы 2006 жылы шыққан 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноталарды қабылдаудың және айырбастаудың үшжылдық мерзімі аяқталады

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық банкі келесі жылдың 3 қазанында 2006 жылы шыққан 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноталарды қабылдаудың және айырбастаудың үшжылдық мерзімі аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жеке жене заңды тұлғалардан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және оларды ұлттық валютаның колданыстағы ақша белгілеріне ауыстыру ҚР Ұлттық банктің аумактық филиалдарында банкноттардың түпнұсқалығы расталғаннан кейін комиссиясыз жене сомасы бойынша шектеусіз жузеге асырылады», - деп мәлім етті Ұлттық банктен.

Тегтер: