$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2020, 10:23
Жаңалықтар

Польшада COVID-19-ға қарсы дәрі жасап шығарылды

Ол коронавирустан айыққан адамдардың қан плазмасынан жасалған

Польшада COVID-19-ға қарсы дәрі жасап шығарылды
Фото: ашық дереккөзден

Польшада әлемдегі алғашқы коронавирусты емдейтін тиімді дәрінің ойлап табылғаны туралы ресми түрде жарияланды. Препарат клиникалық сынақтарға жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Onet-ке сілтеме жасай отырып.

Дәрі-дәрмек коронавирустан айыққан адамдардың қан плазмасын қолдана отырып жасалған. Қазір препарат клиникалық сынақтан өткізу үшін мына төрт орталыққа жіберіледі: Люблин, Бытом, Белосток және Варшава.

18 тамызда басталған препарат өндірісі 23 қыркүйекте аяқталды. Нәтижесінде, үш мыңнан астам ампула өндірілген. 

Айта кетерлігі, бұған дейін Қытайда коронавирусқа қарсы 11 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр деп хабарланған. Сондай-ақ, Қытай жәндіктер жасушаларының көмегімен жасалған коронавирустық вакцинаны адамдарға клиникалық сынақ өткізуге рұқсат берді.  

Серіктес жаңалықтары