$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2020, 15:33
Жаңалықтар

Иранда коронавирустың үшінші толқыны басталды

Сейсенбі күні елдегі клиникаларға 4000 мыңға жуық адам түскен

Иранда коронавирустың үшінші толқыны басталды
Фото: ашық дереккөзден

Пандемия басталғалы Иранда коронавирустың үшінші толқыны тіркеліп отыр. Бұл мәліметтерді Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілдері растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бірнеше күн қатарынан инфекция жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді. Елде қатаң карантин режимі қайта енгізілді, қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Дүйсенбіде Иран клиникалары 3300 адамды, сейсенбіде 4000-ға жуық адамды қабылдады.

Елде орын алған жағдайға байланысты Иран президенті пандемия туралы шұғыл жиналыс өткізді. Хасан Руханидің айтуынша, бүгінде билік денсаулық сақтау саласына көбірек инвестиция салуға міндетті. Кейбір клиникаларды толығымен инфекциялық клиникаларға бейімдеу мәселесі талқылануда. Сонымен қатар, Иран басшысы халыққа қорғаныс құралдарын ұмытпау қажеттігін ескертті.

Серіктес жаңалықтары