Ресейден Қазақстанға келетін жолаушылар үшін бірқатар талап қойылды
Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің шешімдері бойынша 21 қыркүйектен бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіруге рұқсат етілді. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша «Эйр Астана» және «Аэрофлот» әуе компаниялары аптасына бір рейстен орындайды.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы 26 қыркүйектен, «Аэрофлот» 27 қыркүйектен бастап әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер Қазақстан мен Ресейдің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес Ресейден Қазақстанға келетін жолаушылар үшін бірқатар талап қойып отыр: