Қостанайда мұзға құлап кеткен баланың жағдайы тұрақтанды

Автор: Azattyq Rýhy

Бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды

Фото: ашық дереккөзден

Дәрігерлер Қостанай облысында мұзға құлап кеткен баланың қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды «Алау» ақпарат агенттігі. 

Ақ халаттылардың айтуынша, баланың жағдайы тұрақтанған.

«Бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің қарауында. Ол әбден суықтап қалған. Қазіргі уақытта өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді ведомство өкілдері. 

Осыған дейін Қостанай облысы, Жітіқара қаласында мұз үстінде ойнап жүрген 3 бала суға құлап кетіп, оның екеуі қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.