20.09.2020, 00:19
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше уақытша жабылады
Көлік қозғалысы 20 қыркүйек сағат 8.00-ге дейін толығымен жабық болады
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда Ақбидай-Өндіріс көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Ақбидай - Өндіріс көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы 19 қыркүйек сағат 20.00-ден 20 қыркүйек сағат 8.00-ге дейін толығымен жабылады.
«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасындағылар.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды