Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жариялады
20 қыркүйек күніне еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік, онтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады. Түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында соққан жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Күндіз өрт шығу қаупі өте жоғары болады.
Ақтөбе облысында желдің бағыты оңтүстіктен батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.