Биыл ұмра қажылығын жасауға рұқсат жоқ
Сауд Арабиясы наурыз айынан бастап барлық халықаралық сапарларға тыйым салған еді

Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі (SPA) хабарлағандай, САК билігі өз азаматтарына корольдіктен шығуға және қайта кіруге 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап рұқсат береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі muftyat.kz-ке сілтеме жасап.
«2021 жылдың 1 қаңтарынан кейін құрлық, теңіз және әуе порттары арқылы кез-келген көлікпен шығу және оралу үшін барлық шектеулер коронавирусқа қатысты сақтық шараларын сақтай отырып алынып тасталады», - деп жазылған ақпаратта.
Сонымен қатар Сауд Арабиясының билігі ұмраны біртіндеп жалғастыру жоспарының жасалып жатқандығын да хабарлады.
Сауд Арабиясы үкіметі карантинге байланысты шектеулерді алып тастаудың нақты уақытын белгілеп, ұмраны жалғастыруға шешім қабылдаған жағдайда алдын ала 30 күн бұрын жалпыға жарияланатын жеткізді.
Айта кету керек, Сауд Арабия билігі осы жылдың наурыз айының басынан бастап барлық халықаралық сапарларға тыйым салған еді. Мамыр айының соңында ел үкіметі шектеулерді біртіндеп жеңілдете бастады, бірақ, барлық халықаралық рейстерге салынған тыйымдар әлі де өз күшінде.