Астанада карантин кезінде түнде жұмыс істеген компьютерлік клуб анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеріс кезінде клубта 60 адам болған

Фото: ашық дереккөзден

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында елорда полицейлері тұрақты түрде тексеріс жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары жұмадан сенбіге қараған түні Қабанбай батыр көшесінде карантин ережесін бұзып, түнде жұмыс істеп жатқан «CYBER STRONG» компьютер клубын анықтады. Тексеріс кезінде клубта 60 адам болған. Олардың арасында болған кәмелет жасқа толмаған 3 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды», - деп жазылған хабарламада.

Жасөспірімдерді ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін компьютер клубының әкімшісі де әкімшілік жауапқа тартылды.