$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2020, 02:25
Жаңалықтар

19 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

19 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

19 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жауы ықтимал.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады. Түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары