Алматыда дәрігерлер туа біткен жүрек ауруы бар сәбидің өмірін сақтап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Операция баланың дүниеге келгеніне он күн болғанда жасалды

Фото: ашық дереккөзден

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері жаңа туған нәрестеге өмірінің оныншы күнінде операция жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бала дүниеге туа біткен жүрек ауруымен келген. Бұл ауру жаңа туған нәрестелер мен олардың өмірінің алғашқы айларында өте ауыр өтеді.

«Жағдай өте ауыр еді және кардиохирургтің көмегі қажет болды. Шамамен 2 сағатқа созылған операция сәтті өтті. Бала өзін жақсы сезінеді. Ауруханадан шығарылуға дайындалып жатыр», - дейді Перинатология және кардиохирургия Орталығының директоры Ғани Бодықов.

Бала 27 күн бойы реанимацияда жатты және кеше анасының қасына палатаға ауыстырылды.