Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында да ескерту жариялады
Қазақстанның 12 облысында және Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында найзағай, желдің жылдамдығы секундына 18 метр болады.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр болады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл, бұршақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз секундына 23 метрге жетеді.
Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ, тұман, дауыл болып, желдің жылдамлығы секундына 15-20 метр болады. Таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.
Қызылорда облысында күндіз найзағай жарқылдар, шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай, дауыл соғады, күндіз бұршақ жауады. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр болады.