Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы бір тәулікте вирус 92 мыңнан астам адамнан анықталған

Фото: aljazeera.com

Үндістанда қауіпті індеттен 1 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Сарапшылар шектеулерді алған соң, алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны артатынын айтады. Бірақ билік елде дерттен жазылып шыққандар көрсеткіші 78%-ды құрайтынын алға тартып, жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан.

5 миллионнан астам науқастың 4 миллионға жуығы жазылып кеткен. Бірақ індеттен Үндістан экономикасы сәуір-маусым айы аралығында 24%-ға дейін қысқарып, миллиондаған адам жұмыссыз қалған.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, бұған дейін жұқтырғандардың саны бойынша әлемде екінші орында тұрған Бразилияны басып озған еді.