16.09.2020, 01:35
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда карантин кезінде жұмыс істеген түнгі клуб анықталды
Рейд кезінде онда 150-ге жуық адам болған
Фото: видеокадр
Елордалық полицейлер карантин кезінде жұмыс істеген түнгі клубты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Рейд барысында полицейлер түнгі сағат 02.28-де CABERA түнгі клубын анықтады. Клуб әкімшілігі түнгі клубтардың қызметіне 23.00-ден кейін тыйым салынғанын біліп, клиенттерді бас жол арқылы кіргізуін жалғастырған. Тәртіп сақшылары клубқа барған кезде онда 150-ге жуық адам болған», - делінген хабарламада.
Қызметкерлер спирттік ішімдіктерді ұсынған, сондай-ақ сұрағандарға қорқор әкелген.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
