Ол жәбірленушіге 400 мың теңге шығын келтірді
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полициейлері үш кәсіпкерді алдап кеткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«14 қыркүйек күні Қарағанды облысы Сәтпаев қалалық полиция бөліміне алаяқтық бабы бойынша үш жеке кәсіпкерден арыз түскен. Алдын ала анықталғандай, кәсіпкерлердің барлығы бір адамнан жәбір көргенін», - деп жазылған хабарламада.
Бұл қылмыстық оқиға ақпараттық технология саласында болған. Күдікті жәбірленушілердің жеке бас құжаттары арқылы интернет желісі арқылы газдалған сусынға тапсырыс берген. Бұндай операцияны ол үш рет жасаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған.