Ақтөбеде үшем дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Екі қыз бен бір ұл бала 14 күн дәрігерлердің бақылауында болды

Фото: баспасөз қызметінен

Ақтөбеде 30 жастағы ана табиғи жолмен өмірге үшем әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас анаға кесір тілігі жасалған. Екі қыздың салмағы 1,9 және 2,1 келі, ұлдың салмағы 2,4 келі болды.

Сәбилер мен анасы облыстық перинаталдық орталықта 14 күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйге шығарылды.

Тегтер: