$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 03:59
Жаңалықтар

Қосшы елдімекеніндегі тұрғындар баспана сапасына шағымданды

Жаңа тұрғын үй кешенінде электр тогы жерге тұйықталмаған

Қосшы елдімекеніндегі тұрғындар баспана сапасына шағымданды
Фото: ашық дереккөзден

Елорданың іргесіндегі Қосшы елдімекеніндегі көпқабатты үйдің тұрғындары токтан қорқып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар жуыну бөлмесі мен ас үйдегі электр пешіне жолай алмайды. Өйткені жаңадан бой көтерген кешенде электр тогы жерге тұйықталмаған. Сондықтан ток соғатын жағдайлар көп болады. Қауіпсіздіктің қарапайым ережесі ескерілмеген үйлерде өзге де мәселелер жетіп артылады. Арзанқол материалдан жасалған баспалдақ үгіліп, кіреберістегі жақтау жөнделмеген күйі әлі тұр. Балаларға арналған ойын алаңы да жайрап жатыр. Ал көлік тұрағы – өз алдына мәселе.

«Бізде әкімшіліктің рұқсаты бар. Құрылысшыларға тіркеу жасап қойдық. Енді мына жер 90 метрлік тұрақ болуы керек. Олар не бізге істетпейді, не өздері істемейді. «Себебі ақша жоқ», – дейді», - деді «Алтын Орда» ТК тұрғыны Керімәлі Қалабаев.

Сөйтіп ауласында аяқ алып жүруге келмейтін «Алтын Орда» кешеніне не жедел жәрдем, не өрт сөндіру көлігі кіре алмайды. 

«Әкімдік тарапынан толық ақпарат айта алмаймын. Бір-екі күнде жиналыс ұйымдастырайық. «Diamond Park» ТҮК айналасына жиналайық», - деді Қосшы ауылдық округі әкімінің орынбасары Парасат Тасмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#тұрғын үй #Қосшы