Мұндай шешімді Нью-Йорк штатының Жоғарғы соты шығарды
Нью-Йорк штатының Жоғарғы соты АҚШ президенті Дональд Трампқа 2016 жылы Trump Foundation қайырымдылық қорының ақшасын сайлау штабына заңсыз бергені үшін 2 млн доллар төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап
Басылымның хабарлауынша, бұл қаражат ардагерлерге көмек көрсету үшін қайырымдылыққа жұмсалған, дегенмен ақшаны сайлау штабына беру фактісінің өзі заңсыз әрекет саналады. Сонымен қатар екі жақ тарап бұған дейін істі реттеуге келіскен. Сот заң бұзғаны үшін Дональд Трампқа екі миллион доллар төлеуді мміндеттеді. Ал Твиттер парақшасында Трамп бұл шешіммен келіспейтінін жазып, бұл ақшаны қайырымдылық мақсатта жұмсағаны артық екенін айтты.
Айта кету керек, қазан айында Дональд Трамп шенеуніктер мен несие берушілерге қатысты жалған мәліметтер бергені хабарланған еді.