Қала басшысы журналистерден сұхбат үстінде қашып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол басшылық ететін қалада халық жиі митингке шығады

Чилидің Сантьяго қаласы Провиденсия коммунасының мэрі Эвелин Маттэй журналистерге сұхбат беріп тұрған жерінен қашып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желісінде тарады.

Видеода сары жилет киген шенеунікке журналистер сұрақ қоя бастайды. Басында ол аяғын жылдам басып жүреді де, артынша қаша жөнеледі. Жергілікті телеарнаның тілшісі: «ол қашып кетті, әрі қарай сұхбат бергісі келмейді», - деген пікірін айтады.

65 жастағы саясаткер тек журналистер қуып жеткенде ғана аз аялдайды. Бірақ артынша қайта қашады. Кейін бұл жағдай туралы мэрдің өзі әлеуметтік желіге «Жаттығу жасау – күнді бастаудың ең жақсы әдісі» деген жазба қалдырған.

Айта кетейік, қазір Маттэй ханым тұратын қалада дағдарыс болып жатыр, халық мұнда жиі митингке шығады. Коммуна басшысының өзі де биліктің саясатына ұдайы қарсылық білдіреді.