«Жауын-шашын және көктайғақ»: синоптиктер демалыс күндерге болжам жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің басым аумағында күн суытады

Interfax.by

Атмосфералық фронттардың оңтүстік-шығысқа қарай жылжуына байланысты еліміздің басым аумағында жауын жауып, күн суытады. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері мәлімдеп отыр.

«Демалыс күндері Қазақстан территориясы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық фронттардың жылжуымен көптеген облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Атлантикалық жылы ауа массаларының батыс бағытта тасымалдануы біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массаларының келуімен республика бойынша кезекті күннің суыту күтіледі», - делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан мен Щучинск арасындағы тас жол көктайғаққа байланысты жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін жабылды.