Құлсарыда оттегі станциясы бар аурухана салынуда
Кешен әр түрлі төсек-орынға арналған палаталары бар бірнеше 2 қабатты корпустан және 100 төсек-орынға арналған 2 қабатты жатақханадан тұрады
275 төсек-орынға арналған аудандық орталық аурухананың құрылысы тамыз айында басталды. Тапсырудың жоспарланған мерзімі – осы жылдың қазан айы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап.
Мердігер – «Бекболат құрылыс компаниясы» ЖШС. Құрылыс «Теңізшевройл» ЖШС «Игілік» бағдарламасы аясында жүргізілуде.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңа аурухана кешенінің құрылысы ҚР Үкіметінің «коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу туралы» қаулысы аясында жүзеге асырылуда.
Кешен әр түрлі төсек-орынға арналған палаталары бар бірнеше 2 қабатты корпустан және 100 төсек-орынға арналған 2 қабатты жатақханадан тұрады. Сондай-ақ, 10 төсектік оттегі станциясы мен инфекциялық бөлімше қарастырылған.