07.09.2020, 16:28
Жаңалықтар
2025 жылға дейін Қазақстанда 2 млрд түп ағаш егілмек
Елдімекендерге 15 миллион ағаш егіледі
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандағы биоалуандылықты қорғау үшін 2025 жылға дейін ормандардың айналасына 2 млрд ағаш егіледі, деп хабарлады бүгін Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр.
«Мемлекет басшысының жолдауында экология мен биоалуандылыққа бір блок арналды. Сондықтан 2025 жылға дейін орман қоры үшін 2 млрд ағаш егіледі. Ал елдімекендерде 15 млн ағаш отырғызу жоспарланып отыр», - деп хабарлады Роман Скляр.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласын қоршап тұрған жасыл белдеудің ұзындығы 88 мың шақырымға жеткен. Роман Скляр жасыл белдеу жобасын дамыту үшін оның ұзындығын 2023 жылға қарай 100 мың шақырымға жеткіземіз дейді.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды