Бұл облыстарда қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
7 қыркүйекте Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
7 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.